«Біз бұл әлемде жалғыз емеспіз» викторина

15.11.2022

2022 жылғы 14 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Толеранттылық - бейбітшілікке жол» толеранттылық онкүндігі аясында «Біз бұл әлемде жалғыз емеспіз» викторинасы өтті. Іс-шараның мақсаты бір-бірімен толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру, өскелең ұрпаққа олардың ұлттық, әлеуметтік, діни қатыстылығына, көзқарастарына, дүниетанымына, ойлау стилі мен мінез-құлқына қарамастан адамдармен сындарлы өзара іс-қимылға қажеттілігі мен дайындығын тәрбиелеу болды. Командада жұмыс істей отырып, студенттер белсенді түрде өз пікірлерін білдірді, қарым-қатынастар туралы талқылады, жанжалды жағдайларды талдады және олардан шығу жолдарын іздеді, өздерінің төзімділік дәрежесін бағалады. Іс-шара соңында қатысушылар бір-біріне шыдамды, сыпайы болуды, жақсылық жасап, достықты бағалауға тілек білдірді.



Текст
Виртуальная приемная